Астанада каратэдан Әлем чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының I конгресі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кеткен жөн, аталған ұйым өткен жылы құрылған болатын. Оның құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 20 федерация кіреді. Қауымдастық төрт бағытта жұмыс істейді. Соның ішінде каратэ, күрес, толық контактылы спорт түрлері және ММА аралас жекпе-жектері бар. Ұйымды ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов басқарады. Аймақтық филиалдар 14 облыста, Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында ашылған.

«Қауымдастық жауынгерлік өнердің құндылықтарын насихаттап, спорттың дамуына, спорт саласындағы мамандарды даярлауға ықпал ететін болады. Аталған ұйым Қазақстандағы жауынгерлік өнердің басты органына айналады. Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында филиалдар ашылып отыр», - деді К.Мәсімов бүгінгі конгресте.
null

Оның айтуынша, олимпиадалық емес спорт түрлерін біріктірудің арқасында бірқатар нақты шаралар да атқарылды. «Қауымдастықты құрғаннан кейін бізге KWU аталымы бойынша каратэ киокушинкайдан Әлем чемпионатын өткізуге ұсыныс түсті. Аталған шара ағымдағы жылы желтоқсан айында өтеді деген жоспар бар»,- деп атап көрсетті ол.
null

Конгреске ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, сондай-ақ шетелден келген қонақтар қатысуда. Шара барысында министрліктер екіжақты келісімдерді рәсімдейді. Ал секциялық отырыстарда спорт саласының өзекті мәселелері талқыланады.

null

null null null

Соңғы жаңалықтар