Астанада қар жауады - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, 11 қазан күні түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал күндіз желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Астанада 11 қазанда жел оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Дауыл соғу қаупі - 95-100%.

12-13 қазан күндері Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарында, 13 қазанда Павлодар облысында жауын-шашын болады, жаңбыр жауып, артынша қарға ұласады. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 3-10 градус нөлден жоғары болады.

Астана қаласында 12 қазан күні күндіз және 13 қазан күні жаңбыр жауып, артынша қарға ұласуы мүмкін. 12 қазанда жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін.

Дауыл соғу қаупі - 85-90%.

Соңғы жаңалықтар