Астанада қар мен мұз күреуге екі мыңнан астам жұмысшы шықты

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде үздіксіз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

14 қаңтар күні таңертең қала бойынша қар күреу жұмысына 2 мыңнан астам жұмысшы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.

Өткен түнде қаладан 42 мың текше метрден астам қар шығарылды, ол үшін полигондарға 3 038 рейс жасалды.

Қаладағы негізгі тротуарлар мен көшелердің бәріне көктайғақ болдырмау және тұрғындардың жайлы жүруі үшін құм-тұз қоспасы себіледі.

Жалпы, қыс басталғалы бері қаладан 1,9 млн текше метрден астам қар шығарылды, бұл – 152 748 ауыр жүк көлігінің көлеміне тең.


Соңғы жаңалықтар