Астанада қар күреу жұмысы қалай жүріп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыс басталғалы елордадан 1,3 млн текше метрден астам қар шығарылды. Бұл - 106 мыңнан астам жүк көлігі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы, әсіресе кешкі және түнгі уақытта күшейтілген режимде жұмыс істейді, сол сияқты қар күреу бағытын түзетеді.

Елордада күн сайын қар күреуге 1 мыңнан астам арнайы техника мен екі мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды орындар тазартылады.

Сондай-ақ орташа қарқыны бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. орындардың қары күреледі.

4 қаңтардан 5-іне қараған түні қаладан полигондарға 50 мың текше метрден астам қар немесе 3 808 жүк көлігі шығарылды.

Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 106 мыңнан астам жүк көлігі толы қарды шығарды, бұл 1,3 млн текше метрден астам қар.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, кешкі және түнгі уақыттарда күшейтіледі.



Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Соңғы жаңалықтар