Астанада қаңтар айынан коронавирустың 83 мың жағдайы тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ел астанасы коронавирус бойынша эпидахуал матрицасында әлі де «қызыл» аймақта екенін ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, елордада бір тәулікте вирусты жұқтырудың 366 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 270 жағдай симптомды, 96 – симптомсыз.

«Кейінгі аптада COVID-19 жұқтырудың 4 409 жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда (13 627 жағдай) жағдайларды тіркеу саны 3 есе азайды. КВИ-мен ауырғандарды барынша анықтау мақсатында қалада 24 зертхана жұмыс істейді. Оларда тәулігіне 11 мыңнан астам ПТР зерттеу жүргізіледі. Жыл басынан бері 282 114 зерттеу жүргізіліп, 83 351 сынамадан сырқат табылды. Оның ішінде қайталама талдаулар жүргізілді», - делінген ведомство хабарламасында.

Департаменттің дерегіне сүйенсек, «омикрон» штамының әсерінен қаңтар айының басынан 7 ақпанға дейінгі аралықта қалада коронавирус жұқтырудың 83 067 жағдайы тіркелген.

«Бұл – пандемия кезіндегі рекордтық айлық көрсеткіш. Алайда, пациенттерді стационарларға жатқызу қарқыны айтарлықтай қалыпты. Бұл, ең алдымен, вакцина алған тұрғындар мен қайта ауырып шыққан иммунитеті бар адамдардың үлесі көбейгенін көрсетеді», - делінген ресми мәліметте.

Департамент мамандары астаналықтардан әлі де болса айналасындағы адамдардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды сұрап отыр.

«Қазіргі таңда қала бойынша коронацирясқа қарсы вакцинаның 1 компонентін саны 502 318 адам, 2 компонентін 469 602 адам қабылдады. Ревакцинация қатары алу мүмкіндігі бар 69 077 адам немесе тиісті топтың 28,2%-ығана екпе алды. Коронавирус инфекциясына қарсы иммундау, ең алдымен, балалар мен қарт ата-аналардың денсаулығы үшін маңызды.

Елорданың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті маска режимін қатаң сақтау керектігін еске салады», - деп жазылған департаменттің ақпаратында.


Соңғы жаңалықтар