Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 376.09 EUR 426.71
RUB 5.72 CNY 55.99
Jańalyqtar

Астанада қант жетіспеушілігі жоқ - әкімдік

2018 жылғы 15 қыркүйек 13:11 174
Бөлісіңіз:
Астанада қант жетіспеушілігі жоқ - әкімдік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағаны тұрақтандыру үшін Астана әкімдігі тұрақты негізде азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізіп тұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде арнайы экономикалық аймақ салынады Қазақстандықтар Ұлттық банктің құнды қағаздарына 987,4 млн теңге инвестициялады

Ең қажетті деген тағам түрлері ерекше бақылауда тұр, оның ішінде қант та бар. Бүгінде елордада дефицит пен қант бағасының артып кеткендігі байқалмайды. Барлық сауда объектілері мен жеткізушілер штаттық режімде жұмыс істеп жатыр. Бағаны тұрақтандыру мақсатында және қанттың жеткіліксіз болмауына жол бермес үшін тұрақтандыру қоры құрылды, қорға 1500 тонна қант сатып алынды және басқа да әлеуметтік маңызы бар азық-түрлері алынды. Көрсетілген қант көлемі (1500 тонна) жетіспеушіліктің алдын алуға және делдал ұйымдардың алыпсатарлық әрекетіне әсерін тигізе алады.

 Қазіргі таңда қорда 945 тонна қант бар, қаланың ірі сауда желілерінде 1 келісі 240 теңгеден сатылуда. Одан басқа, «Шапағат» коммуналдық базарының 36 сауда нүктесінде қант сатылады. Сонымен бірге статистика департаментінің ресми мәліметі бойынша Астанада бір аптаның ішінде қант бағасында өзгеріс байқалмаған. Азық-түлік бағасы бақылауда тұр.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Астана, Экономика,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT