Астанада қандай тұрғын үй кешендері бой көтереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-да Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиналыста қала тұрғындарының жайлылығы үшін инженерлік коммуникациялар, әлеуметттік инфорқұрылым нысандары мен көлік тұрақтарына баса назар аударылды.
Белгілі болғанындай, алдағы уақытта Мәңгілік Ел даңғылының бойында 206 пәтерлік тұрғын үй кешені салынады (тапсырыс беруші - «КазТайм» ЖШС), жалпы аумағы - 24,5 мың шаршы метр.

Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшелерінің қиылысында 920 пәтерлік («Atlant Building KZ» ЖШС) тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Оның жалпы аумағы - 83 мың шаршы метрден асады.

А. Байтұрсынұлы, К.Әзірбаев және 23-16 көшелерінің қиылысында («Astana real estate 2017» ЖШС) 1 934 пәтерлік Тұрғын үй кешені бой көтермек, оның жалпы аумағы - 237 мың шаршы метр.

Ж.Нәжімеденов, К.Әзірбаев және 23-16 көшелерінің қиылысы маңында («Казстройинжиниринг НТ» ЖШС) 2 100 пәтерлі тұрғын үй тұрғызылады. Жалпы аумағы - 106 мың шаршы метр.

А.Байтұрсынұлы, Ж.Нәжімеденов, К.Әзірбаев және №23-8 көшелерінің қиылысында («Аллея Тысячелетия» ЖШС) 6 939 пәтерлік тұрғын үй кешені салынып, оның аумағы 678 мың шаршы метр болады.

Жобалар қала құрылысы кеңесі мүшелерінің берген ескертулеріне сәйкес, жасалып бітеді.

Соңғы жаңалықтар