Астанада қандай мамандықтарға сұраныс жоғары

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Жұмыс берушілер Астанадағы сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып берді, деп хабарлайды Elorda.

Хабарламада «Алдын ала болжамға сәйкес, елорда алдағы жылдары мынадай мамандықтарды қажет етеді: сауда, қаржы - 294 адам, қызмет көрсету - 645, денсаулық сақтау - 415, құрылыс - 330, білім саласы - 437, ақпарат және байланыс - 224, құрылыс және коммуналдық шаруашылық - 435 адам»,-делінген.

Мектеп бітірушілер арасынан ерекше талап етілген мамандықтар да ескерілген: аспазшы, автокөлік жөндетін слесарь, байланыс монтаждаушысы - кабельші, лифт электромеханигі, шаштараз - сәнгер, даяшы.

Елорданы дамыту мақсатында қалалық колледждерде жаңа мамандықтар ашу ісі жоспарланып отыр: «Техникалық қызмет көрсету, автокөлік жөндеу және эксплуатация мамандығы бойынша мехатроник», «Көпірлер және көліктік тоннель», «Электр стансалары мен жүйелеріндегі электр жабдығы», «Өндірістегі электромеханикалық жабдықтар», «Медицина техникасын жөндеу, монтаждау және техникалық қызмет», «Кітапхана ісі».

Соңғы жаңалықтар