Астанада қандай мамандықтар сұранысқа ие

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада төрт мыңнан астам бос жұмыс орны бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Халықты жұмыспен қамту орталығының ақпаратына сәйкес, қазіргі таңда Астанада тәрбиешілер, наубайшылар, аспаздар, тігіншілер, шаштараздар, электр мен газ дәнекерлеушілер, сауда менеджерлері, бақылаушылар, кассирлер мен даяшылар сұранысқа ие.

«Қазір төрт мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Алайда, аталған салаларда дайын мамандардың тапшылығы байқалады. Жастар өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналаспайды. Басты себеп - мамандықты дұрыс таңдамау», - делінген орталық хабарламасында.

Осы ретте Халықты жұмыспен қамту орталығы қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыруда. Мамандығын өзгерткісі келген әр адам жас ерекшелігіне қарамастан, басқа мамандыққа қайта оқи алады. Оқу мамандыққа байланысты 1 айдан 3 айға дейін жалғасады.

2018 жылы Астанада 700-ге жуық адам қайта оқыту курстарынан өтті. Олардың 70% тұрақты жұмысқа орналасты.

Соңғы жаңалықтар