Астанада қандастар арасында шағын футболдан турнир өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Бүгін Астанада «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен елге оралған қандастар арасында шағын футболдан «Alash» турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеден» спорт кешенінде өткен бәсекеге жалпы саны 11 команда қатысып, үш топта өзара мықтыны саралады.


Финалда «Алтай-Арқа» және «Астана-Сауыр» командалары кездесіп, қорытындысында «Алтай-Арқа» командасының мерейі үстем болды. Ал «Тамирлан» және «Зерделі ақыл-ой дамыту орталығы» командалары үздік төрттікті түйіндеді.

Турнира яқталғаннан кейін, ерекше көзге түскен ойыншылар марапатталып, жеңімпаз командаларға ақшалай сыйлық табысталды.



«Отандастар» қорының менеджері, жоба жетекшісі, ақын Талапбек Тынысбекұлының айтуынша, мамыр айында «Alash» турнирі республикалық деңгейде өтеді.

Шағын футболдан «Alash» қалалық турнирі өтетіндігі туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Жарыс бес жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Мақсаты - бұқаралық спортты дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Турнир қалалық, республикалық және халықаралық деңгейдегі үш сатыны қамтиды.

Соңғы жаңалықтар