Астанада қандастар арасында шағын футболдан дәстүрлі «Alash» турнирі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Отандастар» Қорының ұйымдастыруымен елге оралған қандастар арасында шағын футболдан қалалық дәстүрлі «Alash» турнирі өтпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдың 9 ақпанында өтетін жарысқа 12 команда қатысып, бақ сынамақ. Бес жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан шара еліміздің бұқаралық спортын дамыту мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Турнир қалалық, республикалық және халықаралық үш сатыны қамтитын болғандықтан, ел ордасы Астана қаласынан бастау алыпты. Бүгінде шетелдегі қазақ жастары да «Alash» турниріне қызу дайындық үстінде. Олардың арасындағы жеңімпаз командалар халықаралық қорытынды жарысқа шақырылатын болады.

«Елге оралған қандастарымызға қолдау көрсетіп, олардың Қазақстан қоғамына кірігуіне жағдай жасау - «Отандастар» Қорының басым бағыттарының бірі. Әлемге тарыдай шашылған қандастарымыздың тәуелсіз еліміздің астанасында бас қосып, бір мақсат, бір ниетпен қауышар күні баршамыз үшін қуаныш деп санаймыз», - дейді отандастар қорының менеджері, жоба жеткешісі, ақын Талапбек Тынысбекұлы.

Спорттық шара 9 ақпан күні 9:00-де «Кеден» спорт кешенінде басталады.

Соңғы жаңалықтар