Астанада қала маңына қатынайтын жаңа автобус бағдары іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана маңындағы Малотимофеевка ауылына жаңа автобус бағдары іске қосылды, деп хабарлайды Астана LRT.

«Малотимофеевка ауылының тұрғындары үшін! Малотимофеевка ауылын көлікпен қамтамасыз ету мақсатында, 2018 жылдың 15 қазанынан бастап № 318 жаңа қала маңына қатынайтын бағдар іске қосылады» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, автобус «Ақмола облыстық ауруханасы» аялдамасынан қозғалады. Манас көшесімен жүріп, Абылай хан даңғылына түседі, осы көшемен тура жүріп отырып Қарағанды тасжолына шығады, одан әрі айналма тасжолға шығып, Малотимофеевка ауылына дейін барады.

Қайтарда дәл осы жолмен қалаға келеді.

Соңғы жаңалықтар