Астанада «Қаһарлы 1941. Тарихшылардың ой-толғауы» кітабының тұсауы кесілді

None
None
АНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Владислав Григорьев пен Ләйла Ахметованың «Қаһарлы 1941. Тарихшылардың ой-толғауы» атты кітабының тұсауы кесілді.

ХХ ғасырдың ең сұрапыл және ең ірі соғысының басталғанынан 2011 жылы 70 жыл болады. Соғыс тақырыбы қашан да өте ауыр. Бұл - тұлға және қоғам, этнос және ұлттық қауіпсіздік, саясат және идеология, психология және мораль, мәдениет және дін, тағы да басқа мәселелердегі проблемалар шырмалған күрмеуі күрделі оқиға.

Кітаптың авторлары Л.Ахметова, Ұлы Отан соғысының мүгедегі, Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан сержанттың қызы. Ол ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, тарихшы және журналист.

«Менің әкем 1994 жылы көз жұмды. Ол ҰОС-ның көптеген ардагерлері сияқты соғысты еске алуды ұнатпайтын. Мен журналист және тарихшы ретінде оның естеліктерін жазып отырмағаныма өкінемін», - дейді ол.

Ахметованың серіктес авторы оның ұстазы, ХХ ғасырдың тарихына арналған көптеген оқулықтардың иегері, бүгінде 80-ді алқымдаған - В.Григорьев. Бұған дейін олар бірлесіп 9 кітап жазды.

«Қаһарлы 1941. Тарихшылардың ой-толғауы» кітабына Ресей, Қазақстан, Германия мұрағаттарынан жуырда табылған деректерге, ХХ және ХХІ ғасырлардағы кітаптарға, кеңес және неміс командирлерінің естеліктері мен күнделіктеріне, соғыс қатысушыларының әңгімелеріне жасалған талдаулар енді. ҰОС-ның ең сұрапыл кезеңі - оның алғашқы жылдары жіті зерделенді. Тарихшылар өздерінің назарларын сол уақыттағы басты деген 15 мәселеге аударды. Солардың ішінде соғыстың басталуы, қызыл әскерилердің шайқасы және тылдағы еңбек, қайта шегінуге мәжбүр болған және жеңіліске жеткен күндердің күйініші және Мәскеуді қорғау тақырыптары бар.

Соңғы жаңалықтар