Астанада кадр іздеген жұмыс берушілер көбінде 240 мың теңге айлық ұсынады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық еңбек нарығы - Қазақстандағы ең дамыған нарықтың бірі саналады. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында елордада 40 мыңнан астам бос жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат HeadHunter шолуына сілтеме жасап.

Өткен жылы Астана еңбек нарығындағы вакансия саны 23% артты, түйіндеменің өсімі - 13%.

Бір бос орынға орта есеппен үш-төрт адам үміткер.

Жұмыс берушілер hh.kz сайтында жұмыс іздегендерге орта есеппен 240 мың теңге (Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш) ұсынған. Ал ізденушілер күткен еңбекақы - 290 мың теңге.

Өткен жылы қызметкерлерге ең үлкен сұраныс сату, бухгалтерлік есеп, қаржы, әкімшілік-басқару персоналы және ақпараттық технологиялар саласында байқалады.

Жұмыс берушілер арасында жас мамандарға сұраныс жоғары. Бүкіл бос жұмыс орындарының 16% соларға арналған.

Елорда тұрғындары көбінде сату менеджері, сатушы-кеңесші, әкімші және бухгалтер ретінде жұмыс іздейді.


Соңғы жаңалықтар