Астанада KADEX көрмесі ашылады: Қазақстан қандай әскери техникалар мен жабдықтарды ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «KADEX-2018» V халықаралық көрмесі ашылады. Көрмеде отандық 17 кәсіпорын әскери техниканың 57 бірлігі мен әскери азаматтық мақсаттағы 162 бұйымның тұсаукесерін өткізетіні жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы мәліметіне сәйкес, «КАЕ» ЖШС жауынгерлік модульдердің жаңа түрлерін, электронды-оптикалық құрылғыларды, мобильді бағдарламалық-аппараттық кешенді, ал «Еурокоптер Қазақстан Инжинирг» ЖШС әртүрлі тікұшақ модельдерін таныстырады.

С.Киров атындағы машина жасау зауыты полигон жабдықтарын, байланыс құралдары мен жаңғыртылған командалық штабтық машиналарды, «Тыныс» АҚ күштік құрылымдарға арналған амуницияны, сонымен қатар автокрандар мен арнайы техниканы көрсетеді.

«КаМАЗ-инжиниринг» АҚ 10-нан астам жүк және арнаулы техниканы, «Қазақстан инжиниринг-811 автожөндеу зауыты» КМ-ЖБ базасында брондалған медициналық тасымалдағыш эвакуаторды ұсынады.

«Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС жаңа буынның сауытты-дөңгелекті машиналарын көрсетеді. Кәсіпорын «Барыс» сауытты машинасын 6×6 және 8×8 доңғалақты формуладағы үлгілерін әрі 4×4 доңғалақты формуладағы «Арлан» және «Алан» сауытты көліктерін көрсетуді жоспарлауда.

Ал «Семей Инжиниринг» АҚ жаңартылған және конверсиялық сауытты техниканың жаңа үлгілерін, «Семей машина жасау зауыты» АҚ автомобильдер мен арнайы техниканың үлгілерін шығарады.

«Зенит» Орал зауыты» АҚ және «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты жаңа қайықтарды ұсынады. Аталған институт навигациялық жабдықтар мен сүңгуір техникасын да көрсетеді деп күтілуде.

Айта кетейік, бүгін елордада «KADEX-2018» V халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі ашылып, 26 мамырға дейін жалғасады. Шараға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Түркия, Иордания, Әзербайжан, Израиль, Италия сынды 40-тан астам елдің өкілдері қатысады. Әлемнің 28 елінің 318 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынады.

nullnullnull

nullnull

Соңғы жаңалықтар