Астанада Қабанбай және Тұран даңғылдарында көлік қозғалысы шектеледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астанада 15 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында Қабанбай және Тұран даңғылдарының бір бөлігінде қозғалысқа ішінара шектеу қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы «Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының аралығында жатқан № 24 көше бөлігінің құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында № 24 көше мен Тұран даңғылының қиылысында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді бастамақ. Осыған орай 15 мамыр мен 1 қыркүйек аралығында аталған жол учаскесінде көлік құралдарының қозғалысына ішінара шектеу қойылады.
«Кептелістерді болдырмау үшін тұрғындар баратын бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет», - деп мәлімдеді ведомствода.

Соңғы жаңалықтар