Астанада Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс бес жолақты болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қабанбай батыр даңғылында қозғалыс бес жолақты болады, деп хабарлайды әкімдіктің сайты .

Әкімдікте ұдайы қала басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен елорданың көліктік кешенін дамыту бойынша жиналыс өтіп тұрады. Сондай отырыстардың бірінде жолдардағы жүктемені азайту үшін нақты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар Қабанбай батыр даңғылы бойында жол қозғалысын ұйымдастыру талқыланды.

Күн суығанша қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ қаланың көше жолдарындағы жүктемені азайту аясында Қабанбай батыр даңғылы бойында Сығанақ көшесінен орамды жол айрығына дейінгі аумақта «Bus lane» қоғамдық көліктері үшін қолданыстағы жолақтарды сақтай отырып, бесжолақты қозғалыс енгізілуде. Даңғылдың геометриялық параметрлері белгіні өзгерте отырып, бұл шешімді қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда бұл жер арқылы 27 бағыт 340 мың адам жолаушылар ағынын қамтып өтеді. «Bus lane» жобасы бағыттардың тиімділігін 25 %-ға арттырып, өзінің тиімділігін  көрсетті. Күту уақытын, жолдағы уақытты қысқартып, автобустарды пайдалану мерзімін ұзартты.

Қабанбай батыр даңғылымен тәулігіне 46 мыңға жуық көлік жүріп өтеді. Аталған участкеде қаладан шыға берісте жиі кептеліс орын алады. Осыған байланысты қаладан шыға беріс бағытта қосымша жолақ салу шешімі қабылданды. Айта кету керек, жаңа оқу жылының басынан қалада трафик қарқыны 15 %-ға ұлғаяды деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар