Астанада италиялық дизайнерлер шеберлік сабақтарын өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада сән әлеміндегі басты оқиғалардың бірі - Kazakhstan Fashion Week Astana апталығы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл KFW Astana тарихында тұңғыш рет танымал италиялық дизайнерлер өз топтамаларын таныстырып, қатысушыларға бірегей шеберлік сабақтарын өткізбек.

«Бүгін KFW Astana сән апталығының 7 маусымы ашылып отыр. Биыл да жаңа топтамалармен, жаңа образдармен, жаңа дизайнерлермен таң қалдырамыз деп үміттенеміз. Айта кетерлігі, биыл Еуропалық дизайн институтымен (Istituto Europeo di Design) келісімшарт орнаттық. Осыған орай, Vogue Italy журналының редакторы, стилист Рикардо Терцо, Еуропалық дизайн институтының креатив-директоры Джованни Оттонелло, дизайнерлер - Сальватора Вигнола мен Федерико Бараццо Астанаға арнайы келді», - деп атап өтті Kazakhstan Fashion Week жобасының бас проюсері Ирина Байжанова KFW Astana апталығына арналған баспасөз мәслихатында.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, италиялық мамандар қазақстандық дизайнерлерге және апталық қатысушыларына «Сән және бизнес», «Жаңа трендтер» тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізеді. Ал Еуропалық дизайн институтының (Istituto Europeo di Design) креатив-директоры Джованни Оттонелло қазақстандық дизайнерлердің жұмыстарын бағалап, құнды кеңестерімен бөліспек.
null

null

null

Айта кетейік, 21-23 қараша күндері елордада Kazakhstan Fashion Week Astana апталығы өтеді. Онда Михаил Кравец, Аида Қауменова, сынды қазақстандық дизайнерлер және отандық One to One, Kurak Korpe, Soul's station, Samidel, Eliz, Mandarin Narbayeva брендтері өз топтамаларын көрсетеді.

Одан бөлек, сән апталығында арнайы шақырылған шетелдік дизайнерлер - Сальватора Вигнола, Федерико Бараццо, Минавара және Тико Небиеридзенің көрсетілімдері өтеді.

Сондай-ақ, италиялық дизайнер, IED Roma түлегі Федерико Бараццо KFW Astana кешінде өзінің «SS18» атты жаңа топтамасын таныстырады.
null

null

Соңғы жаңалықтар