Астанада ислам қаржы апталығы өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада исламдық қаржыландыру бойынша «Islamic Finance Week» апталығы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының ұйытқы болуымен өтіп жатқан апталық аясында Қазақстанда және әлемде исламдық қаржыландыруды дамытудың индустриясы, қаржы саласының кәсіби мамандарына арналған диалогтық алаң және АХҚО базасында исламдық қаржыландыру инфрақұрылымын құруға арналған дөңгелек үстелдер өтіп жатыр.

«Ислам қаржы апталығы аясында Қазақстанға алғаш келуім. Біздің мақсат - қаржы саласын шариғат ережесіне сай жүргізу және дамыту. Мен ислам қаржы жүйесі барлық мұсылман халқы үшін жақсы мүмкіндік деп есептеймін. Тек Қазақстан емес, Орталық Азия елдері үшін де солай. Ислам қаржыландыру жүйесі бүгінде Азия, Еуропа елдерінде жоғары қарқынмен ілгерілеуде. Біз оқытып жатқан курс - Ислам қаржы институты бекіткен Шариғат стандарттарына сай оқытатын, арнайы әзірленген бағдарлама. Бұл бағдарлама әлемнің 5 еліндегі ислам қаржыландыру саласында қолданылады. Осы тұрғыда Қазақстан билігі де елдегі барлық ислам банктерінде осы жүйені қабылдап, енгізеді деген үміттеміз», - деді Islami Pakistan және Summit Bank Limited банктерінің Шариатты бақылау жөніндегі комиссияның төрағасы Иршад Ахмад Алях. 

null 

Апталық барысында АХҚО-ның үздіксіз кәсіби даму бюросы халықаралық бухгалтерлік есеп және аудит ұйымы Ислам қаржы институтымен бірігіп (AAOIFI) «Certified Islamic Professional Accountant» (CIPA) атты біліктілік көтеру семинарын ұйымдастырып отыр. CIPA - Ислам қаржы институты есеп жүргізу саласындағы банктік операциялардың барлық түрі қамтылған, исламдық сақтандыру мен инвестицияландырудағы әлемдік деңгейде мойындалған бағдарлама.

«Мен шариғатты бақылау маманы ретінде исламдық қаржыландырудағы адами капиталдың дамуы мен оның проблемалары туралы сөз қозғадым. Сол сияқты исламдық қаржыландырудың шариғат стандарттарына сай жұмыс істеу негіздері туралы айттым. Қатысушылардың қызығушылығы мен сұрақтары көп, соған қарағанда қолдау табады деп ойлаймын. Курс үш күнге созылады, алда әлі екі күн бар», - деді Ислам қаржы институтының кәсіби даму жөніндегі жетекшісі Фархан Нұр.
null 

Қаржылық апталық жұмысына қаржы ұйымдарының басшылары мен банк жетекшілері, сондай-ақ бухгалтерлік есеп және аудит қызметі қызықтыратын сала мамандары қатысуда.

Айта кетейік, Accounting and Auditing Organization for Islamic Financial Institutions (AAOIFI) - Ислам қаржы мекемелері үшін Шариат стандарттарын дамыту мен қолдау мақсатында Бахрейнде негізделіп құрылған коммерциялық емес ұйым. 

Ал, CIPA - Исламдық қаржыландыру бойынша адами ресурстардың мүмкіндігін кеңейту мен дамытуға бағытталған бағдарлама.

Еске сала кетейік, АХҚО үстіміздегі жылдың 29 қыркүйегінде Global Islamic Finance Awards (GIFA) - Исламдық қаржыландыру саласындағы ең айтулы сыйлықпен марапатталды. Ол «Исламдық қаржыландыруды институционалдық қолдау», «Исламдық қаржыландыру саясатын әзірлеу» және «Адами капиталды дамытудағы бастама» номинациялары бойынша үздік деп танылды. 

null 

Соңғы жаңалықтар