Астанада ішінде әжетханасы бар жылы аялдамалар орнатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың соңына шейін Астанада адам қарасы қалың және аурухана мен емхана маңына 86 жылы аялдама қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қалалық мәслихат отырысында әкім орынбасары Сергей Хорошун атап өткендей, қалада 1 265 аялдама бар. Оның 897 павильонмен жабдықталған, оның ішінде 39-ы жылы павильон.

Жыл аяғына дейін бюджет қаражысына 55, ал мемлекеттік - жекешелік әріптестік аясында 31 жылы аялдама орнату жоспарланған.

Келер жылы инвесторлардың есебінен жаңа үлгідегі тағы 200-дей жылы аялдама орнату көзделіп отыр. Онда Wi-Fi орнатылады, ауа алмастыру, жылу жүйесімен жабдықталады, сондай-ақ әжетханасы болады. Аялдамада автобустың жүру бағыты мен келетін уақыты көрсетіліп тұрады.

Ал бұрынғы ашық павильондар қала сыртындағы аялдамаларға орнатылады.  Қалған 228 жарақталмаған аялдама павильонының 140-на павильон қою мүмкін емес.

«Олар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Аялдама орналасқан жерлерді қайтып алу және қажетті жұмыстар жүру керек. Бұл жұмыстарды біз жеделдетуге тырысамыз», - деді С. Хорошун.

Соңғы жаңалықтар