Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Астанада екі қабатты жатақханада өрт шықты

2019 жылғы 10 ақпан 12:36 2044
Бөлісіңіз:
Астанада екі қабатты жатақханада өрт шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада екі қабатты жатақханада өрт шығып, одан 11 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда лифт шахтасынан өрт шықты СҚО: Тайынша ауданында бір адам өрттен қаза тапты

9 ақпан күні сағат 21:12-де 101 қызметіне Байқоңыр ауданындағы Ойыл көшесінде орналасқан екі қабатты жатақханадағы өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Үйдегі заттар мен жиһаз отқа оранған. Жалын 10 шаршы метрді шарпыды. Өрт сөндірушілер жалынды 21:52-де ауыздықтап, сағат 22:16-да толық сөндірді.

Өртті сөндіру кезінде 10 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 1 бала құтқарылды. Бір отбасының  иіс тиіп уланған 2006, 2009, 2012 және 2013 жылға төрт баласы ауруханаға жеткізілді.

Бастапқы болжамға сәйкес, өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себепші болған.

Өртті сөндіруге Астана ТЖД жеке құрамының 15 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT