Астанада ХІІ халықаралық тау-кен металлургия конгресі өтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында ХІІ халықаралық тау-кен металлургия конгресі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандық алтынның әр грамы еліміздің алтын-валюта резервін толықтыра түседі. Осылайша алтын өндіру саласы стратегиялық мәнге ие болып отыр. Бұл - мемлекетіміздің қаржы-экономикалық әл-ауқатының кепілі. Елімізде 400 тоннадан астам алтын қоры бар. Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 12-орында. Біздің алтын өндірушілер еліміздің экономикалық тұрақтылығын сақтауға айтарлықтай үлес қосып отыр. Өткен жылы Қазақстанда 33 млн тонна кен және 66 тонна аффинирленген алтын өндірілді», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев шараны аша отырып.

Сондай-ақ, министр орынбасары алтын өндіру бойынша тағы бірнеше жобаның қолға алынып жатқанын тілге тиек етті.

«Бүгінгі таңда 1 трлн теңге қаржы тарта отырып жыл сайын 13 тонна арфинарлық алтын шығару әлеуеті бар 11 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Алтын өндіру - сақ дәуірінен халқымыздың бойына сіңген жауапты маңызды салалардың бірі. Еліміздің әл-ауқаты мен экономикалық тұрақтылығының негізі десек те болады. Сондықтан еліміздің бекем болуына септігін тигізіп отырған сала форумына табысты жұмыс тілеймін», - дейді ол.

Халықаралық тау-кен металлургия конгресіне 13 мемлекеттен өкілдер қатысуда.

Оның қатарында Орталық Азия елдерімен қатар Канада, Германия да бар. Конгресс 2 күнге созылады.

Айта кетсек, аталған шара аясында ІІІ республикалық алтын өндірушілердің форумы қатар өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар