Астанада халықтар бірлігін нығайтуға үлес қосқан журналистер марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстан халқы Ассамблеясы байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға белсенді үлес қосып жүрген БАҚ өкілдерін марапаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.  

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының «Рухани жаңғыру: сананың жаңғыруы» атты кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Онда рухани жаңғыру, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуды ақпараттық қолдау контексіндегі журналистер қауымы алдында тұрған міндеттер талқылануда.

Отырыс барысында Қазақстан халқы Ассемблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға белсенді үлес қосып жүрген Ерлан Атамбаев, Тілеуқабыл Мыңжасар, Ержан Уайыс, Данара Жұманова, Маржан Кәрменова, Ерлан Игісінов, Өркен Кенжебек сынды республикалық және өңірлік БАҚ журналистерін алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. 

Айта кетейік, шара соңында тележүргізуші Ерлан Игісінов, блогер Өркен Кенжебек, тележүргізуші Алевтина Мадиярова, «ыстық» нүктелерден хабар таратқан корреспондент Руслан Ыдырысов және «Бірлік» радиобағдарламасының жүргізушілері Жанболат Шәкім мен Ольга Опарина журналистерге TEDx конференциясы форматында шеберлік сабақтарын өткізеді.

2 3 4 

Соңғы жаңалықтар