Астанада халықаралық марафонға 5 мың адам қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 27 тамыз күні «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында ШЫҰ-ға мүше елдердің спортшылары және еріктілердің қатысуымен марафон жарысы өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Биыл 15 мамырда Қытай астанасы Бейжің қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Жеңіл атлетика федерациясы мен «Шанхэ» Юньнань мәдениет және спорт компаниясы арасында  ШЫҰ мен АӨСШК Халықаралық Астана марафонын өткізуге байланысты келісім жасалған болатын. Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесімен тұспа-тұс осы жылы Азиядағы Өзара Ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске 25 жыл толып отыр. Осы атаулы датаны Халықаралық марафонмен бірге атап өту қажет деген шешім шығарылды.

Шараның басты мақсаты - тараптар арасында ұзақ мерзімді әрі тиімді қарым-қатынас орнату. Халықаралық Астана марафоны ең ауқымды спорттық-мәдени шаралардың бірі болғалы тұр.

«ЭКСПО-2017» аясында өтетін халықаралық марафон 2017 жылдың 27 тамызында таңғы сағат 08:00-де басталады. Марафонның маршруты Астананың сол жағалауындағы басты көшелерді қамтиды. Спорттық шараға ШЫҰ мүше әрбір мемлекеттен жалпы 50 кәсіби спортшыны тарту көзделген. Олар үш түрлі, атап айтқанда 42 км, 10 км, және 2 017 метр қашықтықта бақтарын сынайды. Жарысқа шетелден 1 мың желаяқ қатысады. Қазақстандық тараптан 4 мың адам қатысады деп күтілуде», - дейді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов.

Марафонға онлайн тіркелу 15 шілдеден басталды. Халықаралық жарысқа қатысу үшін арнайы сайтта тіркелу қажет.

 

Соңғы жаңалықтар