Астанада халықаралық көші-қон тақырыбына арналған кітап таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында «Отандастар қорының» бастамасымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен орыс және қазақ тілдерінде жарық көрген «Диаспоралық қоғамдастықтардың өзара іс-қимылы мен оларды қолдаудың халықаралық тәжірибесі» атты ақпараттық анықтамалық кітаптың таныстырылымы өтті.

Оған елордамызда тіркелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кітапта көші-қон және халықтың қоныстануы мәселелерімен айналысатын халықаралық, өңірлік және әлем елдері ұйымдарының негізгі құрылымдары мен қызметі туралы ақпарат ұсынылып, диаспоралық саясаттың халықаралық тәжірибесі, этникалық, мәдени және көшіп келушілер ұйымдарымен ынтымақтастығы қарастырылған.

Олардың ресми мекенжайы, байланысы көрсетілген.

Анықтамалыққа білім саласындағы ұлттық, этникалық, діни және тілдік азшылықтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халықаралық заңнамалық, нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ көші-қон және көші-қон саясаты, этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтару және басқа мәселелері бойынша ҚР нормативтік-құқықтық актілері де енгізілді.

Анықтамалық мемлекеттік қызметшілерге, дипломаттарға, студенттерге, зерттеушілерге, сондай-ақ халықаралық қатынастар, сыртқы және диаспоралық саясат мәселелеріне қызығушылық танытқан барлық оқырмандарға арналған.


Соңғы жаңалықтар