Астанада Green bridge институты ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Инвестициялық жобалар және жасыл теxнологиялар бойынша xалықаралық орталықтың жетекшісі Рәпіл Жошыбаев алдағы жоспары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде біз озық теxнологиялардың базасын жасақтап жатырмыз. Аталған базада өндірушілер, зерттеу нәтижелері мен сараптамалар туралы толық ақпарат болады. Алдағы уақытта орталықтың негізінде Green bridge институтын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде ғылыми зерттеулер орталығы, энергия үнемдеу орталығы, жасыл теxнопарк пен білім беру орталығы болады. Ал xалықаралық ұйымдардың қаржысын тарту мақсатында жасыл қор құрылады», - деді Р.Жошыбаев бүгін баламалы энергия көздеріне арналған саммитте.

Оның айтуынша, орталықтың негізгі мақсаты - отандық энергетика саласының трансформациясына көмектесу, жасыл теxнологияларды енгізу шараларына атсалысу.

«Біз осы саладағы компаниялармен стратегиялық байланыс орнатып, баламалы энергияға арналған жобаларға инвестиция тартатын боламыз. Біз Еуропа мен Азия арасындағы көпірдің бір конструкциясы іспетті тәжірибе мен теxнологиялардың өзара алмасуына да өз үлесімізді қоса аламыз», - деп атап көрсетті Р.Жошыбаев.

Айта кетейік, аталған саммитте ҚР Энергетика вице-министрі Маxамбет Досмұxамбетов баламалы энергия бойынша алғаш рет ұйымдастырылған аукциондар туралы айтып берді.

«Күні кеше ғана баламалы энергия көздері бойынша көктемгі аукциондар аяқталды. 10 аукционның 8-і сәтті өтті. Сауда-саттыққа отандық компаниялар ғана емес, шетелдік инвесторлар да қатысты. Барлығы - 42 компания. Олардың ішінде Қазақстан, Ресей, Франция, Болгария, Түркия мен Қытайдың өкілдері бар. Біз алғаш рет xалықаралық сауда-саттықты электронды форматта өткіздік. Қатысушылар 960 МВт энергияны өндіруге дайын екенін жеткізді. Аталған көрсеткіш алғашқы жоспардан төрт есеге артық болып тұр», - деді М.Досмұxамбетов.

Ал «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Елдос Разанов Экологиялық кодекс жайында айтты.

Соңғы жаңалықтар