Астанада газды қайта жабдықтау стансасы ашылды
2017 жылғы 8 ақпан 14:49

Астанада газды қайта жабдықтау стансасы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада "Тұран" сұйық газды қайта жабдықтау стансасы ашылды. Стансаның алғашқы тұтынушысы Назарбаев Университеті болмақ, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Газды жеткізуші компания «Газпром трансгаз Екатеринбург» болады.

Газбен қамтамасыз ету көзі LNG инновациялық теxнологияларының базасында жасалды және дизель мен көмірге қарағанда, ауаға зиянды қалдықтарды 70-90% пайызға таратады.

"Бұл станса ресейлік инвесторлардың қаражатына салынды. Барлық жобалар сәтті жүзеге асып, Астанада экология мен ауаға тарайтын қалдықтардың көлемін азайтамыз деген үміттемін", - деді стансаның ашылу салтанатында Астана әкімі Әсет Исекешев.
null

«Газпром трансгаз Екатеринбург» компаниясы басшысының орынбасары Сергей Лиховскихтің сөзінше, биылғы жылға 5 мың тонна метан жеткізу көзделген.
null

"Алдағы жоспар бойынша, "Газпром экспортпен" бірге, меморандум бойынша 2021 жылға қарай 320 мың тонна көлеміне дейін жеткізуіміз шарт. Бұл көлем Астананы және Қазақстанның кейбір солтүстік аймақтарын газбен қамтуға жетеді", - дейді Global Gas Regazification компаниясының директоры Панает Саулиди.
null

Қазіргі кезеңде жобаға 2 млрд теңге жұмсалған. 2021 жылға дейін қарастырылған инвестицияның жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрайды.

Кешеннің қуаты сағатына 25 Гкал-ға шақталған. Бұл өз кезегінде жарты миллион шаршы метр ғимарат пен баспананы жылумен қамтуға жетеді.

null null

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT