Астанада гала-концертке жеті мыңнан астам көрермен жиналды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс Арена» мұз сарайында өткен «Астана – мәдениет керуені» I халықаралық әскери-музыкалық фестивалінің қорытынды гала-концертіне жеті мыңнан астам көрермен жиналды. Мерекелік іс-шараға Премьер-министр Әлихан Смайылов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Концертте ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі, Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Қазақстан Ұлттық ұланының үлгілі-көрсетілімді оркестрі, сондай-ақ Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапония әскерлерінің әскери оркестрлері өнер көрсетті.

Атап айтқанда, гала-концертте қазақ халық өнерінің інжу-маржаны атанған «Япырай» лирикалық әуені, Астанаға арналған «Мерейтойлық марш», сондай-ақ Майкл Джексон мен Лайонел Ричидің әлемге әйгілі We are the world синглы орындалды.

Соңғы жаңалықтар