Астанада футболдан әлем чемпионатын даладағы экраннан тамашалауға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарын 2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының тегін көрсетіліміне шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үшінші орын үшін өтетін  матчты 14 шілде күні сағат кешкі 20:00-де тамашалауға болады. Трансляцияны Нұржол бульварындағы дала экранынан көруге болады. Финалдық матч 15 шілде, сағат 21:00-де  «Қазмедиа холл» киноконцерт залында және Нұржол бульвары жағында орналасқан «Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің үлкен экранынан көрсетіледі.

«Ойынның финалын «Қазмедиа холл» киноконцерт залында көрем деушілерге залдың есіктері 15 шілде күні сағат 20:00-де ашылатынын хабарлаймыз. Бос орындар шектеулі болғандықтан, қонақтардан ертерек келіп, орындарына жайғасуларын сұраймыз», - дейді ұйымдастырушылар.

Кіру тегін.

Шараны ұйымдастырушы-бас серіктес - «Олимп» букмекерлік кеңсесі.

Ресми хабар таратушы - Qazaqstan, Qazsport телеарналары.

Ақпараттық серіктес - «ҚазАқпарат» ХАА.

Шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

«Қазмедиа орталығы» телерадиокешенінің мекенжайы: Астана қ., Қонаев көшесі, 4.

Соңғы жаңалықтар