Астанада Францияның ЭКСПО көрмесіндегі павильонының таныстырылымы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада елордада халықаралық деңгейдегі бірнеше шара өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталмыш ұйымның ресми өкілі Оксана Лоскутова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оның айтуынша, 22 мамыр күні ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен БАӘ арасындағы консулдық мәселелер жөніндегі бірлескен комиссияның бірінші отырысы өтеді. Сондай-ақ, бүгін ЭКСПО-ның медиа-орталығында Франция павильонының таныстырылымы бойынша баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

22-31 мамыр аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Женевада өтетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 70-сессиясына қатысады. 24 мамыр күні ҚР Ұлттық экономика министрлігі Алматыда «ҚР Монополияға қарсы заңнамаларында жоспарланған өзгертулер және соңғы қабылдаулар» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізеді.

25 мамырда Премьер-Министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Солтүстік Қазақстан облысына барады және бұл күні еліміздің барлық мектептерінде салтанатты түрде соңғы қоңыраулар өтеді.

26 мамыр күні ҚР Жоғары соты мен Әділет министрлігінде халықаралық кеңестің 2016 және 2017 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарған жұмыстарының қорытындысы талқыланатын заң жобасы қызметі жөніндегі ведосмтвоаралық комиссияның үшінші отырысы өтеді. Дәл осы күні Мәскеу қаласында ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтеді.

27 мамырда ҚР ІІМ ішкі істер органдарының 25 жылдығы аясында ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті төрағасының Кубогы үшін ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыс бойынша турнир салтанатты түрде ашылады. Сондай-ақ, бұл күні еліміздің барлық әскери бөлімдерінде 2017 жылы шақырылған жас әскери қызметшілер салтанатты әскери ант қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар