Jańalyqtar
Астанада EXPO-2017 өткізуге 1,2 млрд. еуроға жуық қаржы жұмсалады - ҚР СІМ жауапты хатшысы
2012 жылғы 26 қараша 14:30
Бөлісіңіз:

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге тартылған қаржыны қоса ескергенде 1,2 млрд. еуро жұмсалмақ.
Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.
Р.Жошыбаевтың айтуынша, аталған атаулы халықаралық шара қарсаңында салынатын инфрақұрылымға, коммуникация мен көрме өтетін орынды даярлауға бюджеттен 250 млн. еуро бөлінбек.
Сонымен қатар павильондар мен қонақ үйлердің және басқа да құрылыстарға 1 млрд. еуроға жуық қаржыны тарту көзделіп отыр.
«Жалпы барша әлемде EXPO-ны өткізуге орташа осындай көлемде қаражат жұмсалады»,-деп түйді ол.
Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- ҚХЛ: Никита Михайлистің үш голы «Барысқа» жеңіс әперді
- Елордада энтузиастер продюсерсіз, бюджетсіз криминалдық драма түсірді
- Елордада пандемия кезеңінің барлық талабына сай келетін емхана ашылады
- Елордада жоғалған жасөспірім табылды
-
Елорданың орталық алаңы қалай түрленеді: Урбанистика орталығының нобайы
-
Елордада 14 жастағы жасөспірім жоғалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER