Астанада ЕҰУ базасында 2 467 орындық жатақхана салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019-2021 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында 3 блоктан тұратын 2 467 орындық жатақхана салынады. Бұл туралы кеше аталмыш унверситеттің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов дәстүрлі есеп беру кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім алушылардың әлеуметтік-азаматтық даму жағдайы бір сәт те естен шыққан емес. Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» бағдарламасы сендерге де, бізге де зор серпін берді. Біз жақсылықтан үміт етеміз. Қарап жатпай, өз тарапымыздан әр жылы кемінде бір әлеуметтік нысанды іске қосуға тырысамыз», - деді ректор.

Оның айтуынша, ММУ филиалының жатақханасы, №7 Студенттер үйі түрлі экономикалық қиындықтарға қарамастан уақытында тапсырылған. 

null «Рас, жатақхана бойынша біршама проблема бар. Оны Елбасына дейінгі ел тұлғалары біліп отыр. Бәрі бірте-бірте шешіледі. Қазіргі 7 оқу-зертханалық ғимаратымыз, 7 студенттер үйі, жас ғалымдар үйі, «Еуразия» спорт кешені, «Тұмар» спорт-сауықтыру базасы, ғылыми кітапхана, стартап - бәрі де әлеуметтік игілігіміз. Жаңа № 7 студенттер үйінде жастарға арналған коворкинг-орталық ашылып, спорт орталығын қолданысқа беру жоспарланып отыр. Мұнда мобильдік байланыспен келген шетелдік студенттер де лайықты орналастырылды. Бұйырса, 2019-2021 жылдары 3 блоктан тұратын 2 467 орындық жатақхана құрылысын бастамақ ойымыз бар. Бұл - Елбасы тапсырмасын орындау жолындағы жауапты іс-шара», - дейді Ерлан Сыдықов.

null 

Соңғы жаңалықтар