Астанада Еуразиялық KAZENERGY форумы басталды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында бүгін «ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы қорытынды шаралардың бірі - «Болашақтың энергиясын қалыптастыру» ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумы ҚР Үкіметі мен Энергетика министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Форум БҰҰ аймақтық комиссиялары аясында 2017 жылғы 11-14 маусымда Астанада өткізілген Тұрақты дамуға арналған энергетика жөніндегі 8-ші халықаралық форум мен «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» конференциясы шеңберінде басталған сұхбаттың жалғасы болмақ.

IEA, МЭХ, МЭФ, ЕЭК, IRENA сияқты ірі халықаралық ұйымдар, сонымен қатар трансұлттық және энергетикалық компаниялар форумның серіктесі. 

ХІ KAZENERGY Еуразиялық форумында әлемдік энергетикалық компаниялар тұрақты энергетика көздерін тиімді басқаруға, энергия ресурстарының өндірілуін, сақталуын және пайдаланылуын бақылауға, энергия көздеріне қол жеткізуге, климаттың өзгеруі мен және көмірқышқыл газы шығарындыларын төмендетуге, баламалы энергия көздерінің пайдаланылуын ынталандыруға, энергиялық тиімділік бойынша бағдарламаларды және «ақылды» энергетиканы енгізуге, уран және атом саласын инновациялық тұрғыда дамытумен байланысты сұрақтар мен мәселелер талқыланады.

«Дәстүрлі өтіп келе жатқан форумның  әлем елдерінің үкіметтері мен халықаралық энергетикалық ұйымдар, дипломаттық өкілдіктер, қазақстандық және шетелдік энергетика секторындағы компаниялар, зерттеу институттары және консалтингілік агенттіктер тарапынан қызығушылығын тудыруда. Бұл шара қатысушыларға ағымдағы жағдайды болашақ энергияның басты сын-қатерлері тұрғысында зерделеуге мүмкіндік бере отырып, ұлттық және халықаралық компаниялардың тұрақты даму саласындағы оңтайлы стратегияларды пысықтауына жағдай жасауы тиіс. Қазіргі таңда энергетика саласында кездесіп отырған сын-қатерлер бүкіләлемдік ауқымда осы саланың бағытын өзгертеді. Ол күн өткен сайын тиімділікке қарай бет бұруда. Инвестициялық жобалардың талғамдылығы, жаңа мүмкіндіктен жолындағы бәсекелестік жәнекапиталдық шығындарды азайту сынды факторлар өте маңызды. Осы орайда Үкіметтіңтиісті шешімдерді уақытында қабылдауы, сонымен қатар олардың болжамдылық сипатымаңызды рөл атқарады», - дейді KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов.

Форумға Чехия,Финляндия, Ресей, Грузия, Польша елдерінің энергетика салаларының басшылары мен Бүкіләлемдік мұнай кеңесінің Президенті Тор Файеран қатысуда.

Соңғы жаңалықтар