Астанада Еуразиядағы мемлекеттік басқарудың заманауи үрдістері талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебі мен Астана мемлекеттік қызмет хабы «Посткеңестік Еуразиядағы мемлекеттік басқарудың заманауи мәселелері» тақырыбында конференция өткізді.

Конференцияға 30-дан астам елдің, соның ішінде, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Украина, Грузия, Венгрия, Сингапур, Қытай, Нидерланды, Малайзия, Үндістан, Аустралия және өзге де елдердің зерттеушілері, сарапшылары және мемлекеттік қызметшілері қатысты, деп жазады egemen.kz.

Алқалы жиынды ашқан Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов: «Біздің өңір елдері әлеуметтік-экономикалық реформалардың бірегей жолын мемлекет рөлін трансформациялау және мемлекеттік қызметтің өзіндік модельдерін дамытумен қатар өтті. Өткен жолды ой елегінен өткізу, жетістіктер мен мәселелерді талдау ғалымдар үшін де, мемлекеттік қызметшілер үшінде маңызды», - деп атап өтті.

 Өз кезегінде сөз алған НУ ЖМСМ деканы Вэн Тат Хуэйдің айтуынша, конференция 30-дан астам елдің зерттеушілері мен іс-тәжірибеден өтушілерінің басын қосқан. «Олар бір-бірімен мемлекеттік басқару саласында білім мен тәжірибе алмасып, бір-бірінен үйрену мүмкіндігіне ие болды. Нәтижесінде, посткеңестік Еуразия елдерінің көшбасшыларына арналған дәлелді саясат қабылданады деп сенемін»», -дейді ол. Конференцияның ашылу салтанатында Орталық және Шығыс Еуропадағы мемлекеттік басқару мектептері мен институттар желісінің Президенті Георгий Хаджналда құттықтау сөз сөйледі. Конференция аясында мемлекеттік менеджмент, мемлекеттік қызметті реформалау, үкімет, бизнес және азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттестік және басқа да тақырыптар бойынша сессиялар өткізіліп, онда 60-тан астам баяндама жасалды. Конференцияға қатысушылар өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісіп, білімін және тәжірибесін алмасып, әріптестік байланыстарын кеңейтті.

Айта кеткен жөн,Мемлекеттік саясат және басқару мәселелері жөніндегі халықаралық конференция екінші рет өткізіліп отыр. Осы жылы бас ұйымдастырушылармен қатар, Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебі, Британ академиясы және Ольстер университеті де қолдау көрсетті. 

Соңғы жаңалықтар