Астанада Еуразия қаламгерлері қазіргі заманғы әдебиеттің мәселелерін талқылайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 20-21 қыркүйек аралығында «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Жазушылар одағына сілтеме жасап.

Шараны Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырады. Форум Елордасы -Астананың 20 жылдығына арналады. 

Басқосуға Еуразияның түкпір-түкпірінен шет ел қаламгерлері қатысады. Дәл осындай ауқымды форум 1973 жылдан бері араға 45 жыл салып Астана қаласында өтеді.
20 қыркүйекте Тәуелсіздік Сарайында форумның салтанатты ашылу рәсімі мен «Заманауи Еуразиялық әдебиет» кітап көрмесі және «Әдебиет және жаһандық мәселелер» мен «Аймақтық әдебиеттердің дамуы» атты екі бөлімнен тұратын пленарлық отырыс өтеді. 
21 қыркүйекте «Hilton Garden Inn Astana» қонақ үйінде 4 секция бойынша: «Жаңа заман поэзиясы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Жаңа заман прозасы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Драматургияның өзекті мәселелері», «Қазіргі заманғы аударма ісінің хал-ахуалы» тақырыптарында басқосулар өтеді. 
Әдеби форум аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Иран Жазушылар Қауымдастығы арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Академиялы кітапханасында Қазақстан -Ресей қаламгерлерінің кездесуі өтеді. 

Соңғы жаңалықтар