Астанада Еуразия халықаралық кітап көрмесі өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада ІІІ Еуразия халықаралық «Eurasian Book Fair-2018» кітап көрме-жәрмеңкесінің алғашқы күні өтті. Аталған ауқымды шара Астананың 20 жылдығы мен Қазақстандағы Өзбекстан жылына арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен бүгін басталған ІІІ Еуразия халықаралық «Eurasian Book Fair-2018» кітап көрме-жәрмеңкесі 28 сəуірге дейін жалғасады. Көрме алаңында Ресей, Польша, Ұлыбритания, Беларуссия, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия, Қытай, Үндістан, Албания және басқа мемлекеттердің баспалары өз өнімдерін ұсынуда.
null

«Жаһандану және цифрлық технологиялар ғасырында кітап бұрынғыша жаңа білімнің қайнар көзі болып қала береді. Ол бүкіл болмысты танып-білудің ғаламат құралы болып табылады», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова көрменің ашылуында.
null

Мемлекеттік хатшы елде саяси, экономикалық және рухани өзгерістер жүйелі түрде жүріп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырылып жатқанын еске салды.
nullnull

«Осындай жақсылықтар тұсында кітап секілді қазыналы қордың ерекше орын алатыны даусыз. Кітапсүйер ұлт, ол - нағыз зияткерлік санасы жетілген ұлт», - деді Гүлшара Әбдіхалықова.


null

Биыл Қазақстанда Өзбекстан жылы жарияланғандықтан, өзбек баспаларына, кітап шығару компанияларына айрықша көңіл бөлінуде.

«Көрме арқылы мәдени, іскерлік байланыстар нығайып, әлем бойынша кітап индустриясын зерделеуге мүмкіндік туады. Кітаптың, сөзсіз, білімнің қайнар көзі екені анық. Кітап өнері жасай берсін!», - деді Өзбек баспа ісі және ақпарат агенттігі директорының бірінші орынбасары Сабыр Шүкіров.

Ал Ресей кітап шығарушылар қауымдастығының президенті Константин Чеченев, көрмеде алғаш рет Мәскеу үкіметінің жеке орны қарастырылғанын жеткізді.
nullnull

Қазақстандық оқырман қауым үшін, көрме-жәрмеңке мереке іспетті екені даусыз. Қонақтарды жаңа кітаптар саудасынан бөлек, ақын-жазушылармен, мәдениет қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер күтіп тұр. Бүгінгі күннің өдінде көрме аясында ақын-жазушылардың бірнеше жиыны өтіп, бірсыпыра кітаптардың тұсауы кесілді.
null

Көрме аясында Астанада тұңғыш рет, жас ақындар сайысы, суретшілер жарысы, балаларға қызықты ойындар, өзге де түрлі қызықты шаралар өтеді.

Соңғы жаңалықтар