Астанада этноүлгідегі киімдердің халықаралық марафоны өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада II Халықаралық этникалық сән марафоны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Шара ұйымдастырушысы - Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының  мәліметінше, марафон мақсаты - этноүлгі бағытында жұмыс істейтін дизайнерлердің басын біріктіру.

II Халықаралық этникалық сән марафонына жас дизайнерлер, құрылымдаушы-сәнгер мамандығы бойынша білім алып жатқан жоғары және кәсіби техникалық оқу орындарындағы студенттер, этномәдени бірлестіктер мен бизнес өкілдері, сондай-ақ кез келген қызығушылық танытқан азаматтар қатыса алады.

Сәндік марафон аясында бірегей қолөнер бұйымдарының көрмесі мен қолөнершілердің шеберлік сабақтары өткізіледі.

Атап өтілгендей, ұлттық киімдер көрсетілімі екі топқа бөлінген: күнделікті және сахналық. Дизайнерлерге өз туындыларын таныстыруға 10 минут беріледі.

Марафон жеңімпаздары бағалы жүлделермен және дипломдармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар