Астанада эскалаторға 2 жасар сәбидің қолы қысылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Орталық базарындағы эскалаторда екі жасар қыздың қолы қысылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен бүлдіршінге қатысты ресми ақпарат жариялады.

«22 мамыр күні жабық Орталық базарда (Алаш тас жолы, 19/1) эскалатордың апаттық жағдайы салдарынан екі жасар қыз зардап шекті. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі тиісті көмекті көрсетіп, сәбиді шұғыл түрде №2 қалалық балалар ауруханасына алып кетті. Аурухананың қабылдау бөлімінде баланы мамандар қарап шықты. Екі қолындағы жарақатына бастапқы-хирургиялық өңдеу жасалды, гипспен таңылды. Баланың жағдайы тұрақты, амбулаториялық емдеуге жіберілді», - делінген басқарма жіберген хабарламада.

Бұған дейін Орталық базардағы оқыс жағдайдың видеожазбасы әлеуметтік желіге тараған еді.

Соңғы жаңалықтар