Астанада есірткі тасып, оны сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 2‑сі. ҚазАқпарат/Қанат Мәметқазыұлы/  ‑ Астанада қала аумағына есірткі тасып, оны сатумен айналысқан ұйымдасқан  қылмыстық топ құрықталды.

 Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қалалық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Тамыз айының соңына таман Астана қаласы ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасы және Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Арлан» арнаулы жасағымен бірлесе отырып арнайы операция жүргізген болатын. Жедел шара  барысында қала аумағына есірткі жеткізумен және оны сатумен айналысқан топ құрықталды. Ингуш ұлты азаматтарынан құрылған аталған топты құрықтау барысында қылмыскерлерден 140 грамнан астам героин тәркіленді», деді А. Байділдаев. Оның айтуынша, бүгінгі күні күдіктілер уақытша оқшаулау изоляторына қамалып, оларға қатысты сегіз қылмыстық іс қозғалған. Оның төртеуі есірткі сатуға қатысты болып отыр.

Соңғы жаңалықтар