Астанада есірткі саудалаған сайттардың үстінен 11 қылмыстық іс қозғалды

None
АСТАНА ҚазАқпарат – Жыл басынан берім елорда аумағында есірткі сатумен айналысқан 69 сайт бұғатталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бөлім басшысы нашақорлықтың алдын алу, ведомствоаралық үйлестіру бөлімінің бастығы Сергей Ильиных Есіл аудандық полиция басқармасында өткен брифингте айтты.

«Есепті кезеңде қала аумағында есірткіні насихаттау, жарнамалау фактілері мен есірткі айналымына қатысты сайттардың жолын кесу бағытында үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Осылайша жыл басынан бері 69 сайт психикалық белсендіретін заттарды сатқаны үшін бұғатталды», - деді департамент өкілі.

Оның айтуынша, есірткі саудасына қатысы бар сайттар бұғатталып қана қоймай, оны ұйымдастырушыларды жауапқа тарту қатар жүреді.

«Есірткі жарнамалаумен, есірткі саудасына қатысы сайттармен байланысты 11 қылмыстық іс қозғалды», - деді Сергей Ильиных.


Соңғы жаңалықтар