Астанада есірткі саудалаған полицей мен оның сыбайластары сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы №2 Алматы аудандық соты полиция қызметкері және оның сыбайластарына қатысты үкім шығарды.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 адамға қатысты ҚР ҚК 390-бабының 2-бөлімі, 24-бабының 3-бөлімі, 190-бабының 3-бөлімінің 1, 2, 3-тармақшалары бойынша қылмыстық іс қарастырылды.

Сот азамат Б-ның ішкі істер органдарының қызметкері бола тұрып, әрі «П» ЖШС аумағында есірткі заттарының айналымы туралы мәліметтері біле отырып, қылмыс жасауды ұйымдастырған. Ол ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлері К., Б. және К-ға қылмысты бірге жасауды ұсынған.

Биыл 10 қаңтарда ол есірткі сатқан ағайынды екі ер адамды ұстап, олардан қылмыстық жазаға тартылмау үшін ірі көлемдегі ақша бопсалаған.

Қолдарында ірі сомасы жоқ ағайындылар басқа туысынан көмек сұраған. Ол Астана қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне шағым жазып ішкі істер органдарының қызметкерлерін қылмыстық жазаға тартуды сұрайды.

Сот үкімі бойынша полиция қызметкері Б. қылмыстық жолмен тапқан немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режімдегі түзеу колониясында 3 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сондай-ақ ол өмірінің соңына дейін құқық қорғау жүйесінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сот үкімі бойынша азамат К. қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режімдегі түзеу колониясында 3 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сот үкімі бойынша азамат Б. қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режімдегі түзеу колониясында 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сот үкімі бойынша азамат К. қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режімдегі түзеу колониясында 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар