Астанада есін жоғалтқан зейнеткерді бір аптадан бері іздестіріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бір аптадан бері 79 жастағы Алексей Гапеенко іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Зейнеткер бір апта бұрын үйден шыққан және қайтып оралмаған. Туыстарының айтуынша, Алексей Алексеевич барлық құжаттары мен жол жүру картасын үйде қалдырған, бірақ қолма-қол ақшасы болған.

Зейнеткердің есте сақтау қабілетінде аздап ақау бар және көшелерді дұрыс білмейді. 

Жоғалған күні А. Гапеенконың үстінде қара пиджак, сұр-қара шалбар және қара қыстық аяқ киім болған. Оның бойы - 175 см, арық, сақалы мен шашы ақ, көздері - көгілдір. 

А. Гапеенконы көрген немесе ол жайлы қандай да бір мәлімет естіген адамдар болса, туыстарына 8 705 550 84 25, 8 776 167 53 14, 8 702 796 42 24 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар