Астанада Есіл өзенінен сәбидің денесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Есіл өзенінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Бұл туралы Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қыз баланың денесі 24 мамыр күні, сағат 14.00 шамасында Есіл өзенінің М. Мақатаев көшесі жағындағы тұсында табылған.

«Астана қалалық Ішкі істер департаменті ҚР ҚК-нің 100-бабы бойынша («Анасының жаңа туған баланы өлтіруі») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Аталған қылмысты ашу және сәбидің анасын іздестіп-табу үшін кешенді шаралар жүргізілуде», -деп хабарлады ІІД-ден.  


Авторы: Дәулет Ізтілеу

Соңғы жаңалықтар