Астанада есігін ашып жүрген автобус жүргізушісі жұмысынан қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қоғамдық көлік жүргізушісі ереже бұзғаны үшін жұмысынан қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Facebook пайдаланушысы Булат Камитов елордада жолаушы толы автобусты жүргізушінің есігін жаппай жүргізгені жайлы жазбасын жариялады.

Елорда тұрғыны шағын әңгіме іспетті жазбасында таңертеңгі қауырт шақта жолаушыға толғаны соншалық, ине шаншар орын қалмаған автобустың есігі жабылмаған соң, жүргізушінің ойлап тапқан «айлакерлігін» былай суреттейді: «Көліктің есіктері жабылмаған соң, жүргізуші адамдардың бәрін сыйғызудың керемет тәсілін ойлап тапты. Есіктері ашық автобус күрт жылдамдығын арттырып, кенет тоқтап, біресе жүріп, біресе тежеліп, жолаушыларды осылай табиғи теңселту арқылы нығыздай бастады».

«Астана LRT» оқыс оқиғаға жылдам шара қолданды.

«Жүргізуші Агимов Д.О. жұмысынан қуылды, оны бағдардан алып тастадық. 2018 жылғы 15 наурызға әдеп кеңесі белгіленді. Мән-жайды тексеріп болған соң, нәтижесі жайлы осы постың астында хабарлаймыз», - деп мәлімдеді ұйымның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар