USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Астанада Есенғали Раушановтың жыр кеші өтті

2017 жылғы 16 тамыз 23:16
Бөлісіңіз:
Астанада Есенғали Раушановтың жыр кеші өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Шабыт» шығармашылық сарайында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, белгілі ақын Есенғали Раушановтың «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты кеші өтті.

nullnull
Бұл кеш әрі Алаштың ардақты ақынының биыл мерейлі 60 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отыр. Кешке Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және белгілі ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Рухи кеште ақынның сөзіне жазылған әндер айтылып, театрлық қойылымдар көрсетілді. Сонымен бірге ақының ізін қуған жастар автордың жырларын жатқа оқыды.
null

Кеш соңында Есенғали Раушанов жұртшылыққа ыстық ықыласын білдірді. «Барлықтарыңызға көп рехмет! Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел күткен ең үлкен жаңалық болды. Н. Назарбаевтың тапсырмаларына сәйкес облысымызға жаңа басшы келіп, үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Оған халық куә.Осы орайда Ералы Тоғжановқа алғысымды білдіргім келеді», - деді ақын.
null

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Маңғыстау облысының мәдениет күндері өтіп жатыр.
null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ризабек Нүсіпбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT