Астанада ертеңнен бастап апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 11 маусымнан 5 қарашаға дейін елордада әр демалыс күні ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Оған 40-тан астам жергілікті кәсіпкер мен өңірлерден өндірушілер қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарт қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінің мәліметіне сәйкес, жәрмеңкеде көкөністер, ет және сүт өнімдері, балық, бал және басқа да азық-түлік ұсынылады. Баға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша базардағыдан арзан болмақ.

Жәрмеңкеге Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тартылады.

Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы автотұрақ алаңы. Әр демалыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар