Астанада ертең дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін - Қазгидромет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 22 тамыз күні дауыл тұруы мүмкін. Синоптиктердің хабарлауынша, дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайызды көрсетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

«22 тамызда түнде Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Желдің екпіні кей уақытта 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін», - делінген хабарламада.

Синоптиктер хабарлағандай, Астана қаласында 22 тамызда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады (кей уақытта екпіні 15-20 м/с). Түнде және таңертең тұман күтілсе, күндіз бұршақ жауады. 
«Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 пайыз», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар