Астанада «ерекше квартал» салу қажет - шетелдік сәулетшілер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен Халықаралық сәулетшілер конгресінде шетелдік сарапшылар елорда құрылысына қатысты өздерінің ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астанада шетелдік сәулетшілер жобалаған ғимараттарда авторлардың қазақстандық мәдениетпен байланыс іздегенін көруге болады. Сондай ғимараттардың бірі дала гүлін еске түсіреді. Одан бөлек, жергілікті сәулетшілермен серіктестіктің орнатылуы маңызды», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ сарапшы-сәулетшісі Истелианна Атанасова.

Ол Қазақстан астанасының тұрғындардың қалауы бойынша дамитынын атап өтті.

«Бұл орайда, әлем қалаларының алдында тұрған сын-қатерлер жөнінде айтқым келеді: Астана үшін өз тұрғындарымен және жергілікті билікпен тығыз қарым-қатынаста болу маңызды дер едім. Себебі, қалалар тұрғындардың қалауымен тұрғызылуы тиіс. Астана - ғажайып қала, егер адамдарға ыңғайлы болып дами түссе, одан да ғажап қалаға айналады», - дейді И. Атанасова.

null  Өз кезегінде ұлыбританиялық сәулетші Кристиан Мэйл Астананың өзіне ғана тән ерекше квартал салынуы қажет деген ұсыныс білдірді.

«Астанада қызықты нысандар жеткілікті, өз сапарымызда қаланың қалай жоспарланғанын тамашаладық. Мен Астананың өзіне ғана тән шағынаудан салуды ұсынар едім. Бұл аудан қазіргі Астанадағы нысандарды біріктіруі тиіс», - деді сәулетші.

Мысал ретінде Кристиан Мэйл Еуропа елдерін атап өтті.

null«Әлемнің көптеген қалалары өзіне тән кварталдармен танымал - Лондонда грузин кварталы болса, Парижде танымал желекжол бар. Астананың да өзіне ғана тән бір нысаны болуы керек», - деп ұсыныс білдірді К. Мэйл.

Айта кетейік, халықаралық сәулетшілер конгресі 16 шілде күні Астанада өтті. Оған Таяу және Қиыр Шығыс сәулетшілері, Қазақстан өңірлерінің сәулетшілері және кәсіпкерлер қатысты.

Соңғы жаңалықтар