Астанада ерекше балаларға арналған орталық ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Алтын Орда» ерекше балаларға арналған түзету-дамыту орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған орталық «Орда» аутизмі бар балалардың ата-аналары қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен мемлекет есебінен ашылды. Орталықта түзету және дамытуды қажет ететін, атап айтқанда дауна синдромы, сал ауруы, аутизм диагноздары бар 100 бала білім алуда.

Жаңа орталық арнайы құрылғылармен және оқу бағдарламасымен қамтамасыз етілген. Балаларды түзету-дамыту жұмыстарымен айналысатын 2 дефектолог, 2 логопед, 2 психолог және 2 спорт-педагог жұмыс істейді одан бөлек әкімшілік бөлім бар.

«Бүгін біз үшін ерекше күн. Орталықтың ашылуына әр ата-ананың өзіндік үлесі бар, себебі мемлекет есебінен ашылғанымен соған қол жеткізуде ата-аналар тынымсыз еңбектенді. Құжат әзірлеу, әр баланың арнайы комиссиядан өтуі және ұйымдастыру жұмыстары. Елімізде аталған орталықтар бар болғанымен орын жеткіліксіз және үлкен кезек. Оның үстіне өзім ерекше күтімді талап ететін баланың анасы болғандықтан балалар мен ата-аналардың жағдайын жақсы түсінемін, - деді «Алтын Орда» ерекше балаларға арналған түзету-дамыту орталығы директорының көмекшісі Айман Мұқанова.

nullАта-аналардың айтуынша орталық балалардың дамып жетілуімен қатар, өздерін қоғамның бөлігі ретінде сезінуінде маңызды рөл атқарады. Және олар үшін тағы қуантарлығы орталықтың мемлекет есебінен тегін болуы. Себебі барлық ата-ана бірдей өз есептерінен балаларын сауықтыру орталықтарына апара алмайды.

Сонымен қатар, А.Мұқанова орталық жұмысының басқалардан артықшылығына да тоқталды.

«Біздің орталықтың ерекшелігі ата-аналар балаларымен бірге сабаққа қатысып, жанында болады. Тек қана қатысып қоймай ата-аналар бір-бірімен араласып балаларды дамыту жолындағы қол жеткізген жетістіктерімен өзара тәжірибе алмасады», - деп атап өтті ол.

nullОрталықта әр баламен жеке және топпен оқу және түзету-дамыту жаттығулары жүргізіледі. Одан бөлек мектепалды даярлау бөлімі бар онда оқыған балалар арнайы комиссиядан өтіп, соның нәтижесінде мектепке бару мүмкіндігіне ие бола алады.

nullnullnullnullnullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар