+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Астанада ер адам сот орындаушысына балта ала жүгірді

2021 жылғы 26 қазан 18:10
Бөлісіңіз:
Астанада ер адам сот орындаушысына балта ала жүгірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада борышкер жеке сот орындаушысына балта ала жүгіріп, қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік палата мәліметінше, елорданың жеке сот орындаушысы өзіне Н. есімді борышкердің атқарушылық құжаттарды орындау барысында шабуыл жасап, өміріне қауіп-қатер төндіргенін айтып, оны жауапкершілікке тарту үшін полиция басқармасына шағым түсірген. Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушысы Т.-ның өндірісінде борышкер Н. есімде азаматтан жалпы сомасы 196 545 теңге және банк пайдасына 358 728 теңге өндіріп алу туралы 17 әкімшілік айыппұлға қатысты атқарушылық құжат бар.

«Жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты орындау үшін барлық іс-шараны қабылдап, борышкерге қатысты бұғаттау және шектеу шараларын жүргізді. Ол 2020 жылдың қазанынан міндеттемелерін орындаудан бас тартып жүр. Атқарушылық құжатты орындау мақсатында «Ваз 2115» маркалы автокөлікті тәркілеу туралы қаулы шығарылды. 26 қазан күні жергілікті уақытпен сағат 08.45-те сот орындаушысы борышкердің тұрғылықты жеріне барып, жол бойында тұрған көлігін тапқан», - деді Нұр-Сұлтан қалалық жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Полиция қызметкерлерінің қатысуымен көлікті тәркілеу барысында борышкер өзін дөрекі ұстап, жеке сот орындаушысының көлікті өз еркімен беру талабын мүлдем елемеген.

«Осыдан кейін ол үйіне кіріп, балта алып шықты және жеке сот орындаушылары мен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Бұл сәт видеоға жазылған. Осы уақытта полиция қызметкерлері уытты газ баллонын шашып, оны басқармаға алып кетті», - деді М.Жанасаева.

Айта кетерлігі, тағы 4 жеке сот орындаушысында борышкерден жалпы сомасы 105 631,54 теңгені құрайтын мемлекет кірісіне айыппұлдар мен салықтық берешекті өндіріп алуға қатысты құжат бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT